
«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен тауарлардың кейбір түрлерінің экспортын шектеу және ішкі нарыққа кепілді жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді, сондай-ақ көрсетілген шараларды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі анықталды.
2020 жылғы сәуір айына арналған квота көлемі шикі тазартылмаған күнбағыс майы 10 000 (он мың) тонна құрайды.
2020 жылғы сәуір айына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына кепілді жеткізу көлемі шикі тазартылмаған күнбағыс майы экспортқа квота көлемінен 30% құрайды.
2020 жылғы сәуір айына ішкі нарыққа өткізу үшін тіркелген баға шикі тазартылмаған күнбағыс майы 290 000 (екі жүз тоқсан мың) теңге тонна ҚҚС-мен жеткізу сіз.
2020 жылдың сәуір айына экспортқа квота алу бойынша бір өтінімге лимит шикі тазартылмаған күнбағыс майы бір өтінімге 3 000 тонна.
Өтінімдер хабарландыру жарияланған сәттен бастап 2020 жылғы 22 сәуір 15.00-ге дейін PDF форматында уәкілетті ұйымдардың электрондық пошта мекенжайларына қабылданады.
Өтінімдер «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы қабылданады:
«Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ Коммерциялық департаментінің директоры Жанатаев Рустам Бақытбекұлы, Тел. +7 701 222 9656, R.Zhanataev@fcc.kz.
«Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ Коммерциялық департаментінің бас менеджері Оңайбек Ерік Сапарұлы, Тел. +7 701 314 5595, E.Onaybek@fcc.kz.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен көзделген жағдайда ғана өтінімдерді қайта қабылдау қарастырылады.
ҚР АШМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары және құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Құжаттар нысандарын жүктеу сілтемесі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/27675?lang=ru