
«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен (ҚР АШМ 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) тауарлардың кейбір түрлерінің экспортын шектеу және ішкі нарыққа кепілді жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді, сондай-ақ аталған шараларды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі айқындалды.
БИДАЙ:
1) 3 және 4 класс:
- лицензияланған элеватордан (АҚК) жөнелтілетін жағдайда 200 000 (екі жүз мың) тонна;
- «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзге де (лицензияланған элеваторлардан басқа) тиеу орындарынан жөнелткен жағдайда 30 000 (отыз мың) тонна.
2) 5 класстық және класстық емес бидай (бұдан әрі – жемдік бидай) - 20 000 (жиырма мың).
3) органикалық бидай - 7 (жеті) мың тоннаны құрайды.
- лицензияланған элеватордан (АҚК) жөнелтілуге жататын жағдайда 60 000 (алпыс мың) тонна;
- (лицензияланған элеваторлардан басқа) басқа ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен жөнелтілуге жататын жағдайда 9 000 (тоғыз мың) тонна.
- 3 классты бидай үшін ҚҚС-пен 88 000 (сексен сегіз мың) теңге;
- 4 классты бидай үшін ҚҚС-пен 84 000 (сексен төрт мың) теңгені құрайды.
1) 3 және (немесе) 4-классты бидай бойынша:
- белгіленген квота көлемінің 10 пайызын немесе лицензияланған элеватордан экспортты жоспарлайтын өтініш берушілер үшін 20 000 (он бес мың) тоннадан артық емес;
- квотаның белгіленген көлемінің 10 пайызын немесе өзге де сақтау орындарынан экспортты жүзеге асыруды жоспарлайтын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 4 500 (төрт мың бес жүз) тоннадан артық емес.
2) жемдік бидай бойынша квотаның белгіленген көлемінің 10 пайызын немесе 2 000 (екі мың) тоннадан аспайды.
Қосымша талаптар мен шарттар:
1) шетелдік үлгідегі сәйкестікті растау саласындағы құжат (сертификат);
2) бірінші басшының қолымен және мөр бедерімен расталған 2019 жылғы 29-аш статистикалық есептіліктің қорытынды нысаны ұсынылады.
ҰН:
- Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Нұр-сұлтан қаласында сату кезінде ҚҚС қоса алғанда 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге;
- басқа облыстарда және Республикалық маңызы бар қалаларда ҚҚС қоса алғанда 130 000 (бір жүз отыз мың) теңгені құрайды.
Қосымша талаптар мен шарттар:
Квотаға сәйкес ішкі рынокқа ұнның кепілдік берілген көлемін жеткізудің келісімі туралы растау хатын алдын ала бөлу қорытындысы бойынша ұсыну.
Өтінімдер уәкілетті ұйымдардың электрондық пошта мекенжайларына PDF және Excel форматында хабарландыру жарияланған күннен бастап 2020 жылғы 22 сәуір сағат 15.00-ге дейін қабылданады.
Өтінімдер қабылданады:
- бидай бойынша – «Қазақстанның Астық одағы» ЗТБ арқылы электрондық пошта адресіне: export@grainunion.kz
«Қазақстанның Астық одағы» ЗТБ-ның басшысы Оспанов Нұрлан Елеусізұлы, тел. +7 777 618 4618.
- ұн бойынша – «Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» ЗТБ арқылы электрондық пошта адресіне: info@kaznan.kz
«Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» ЗТБ-ның басшысы Ган Евгений Альбертович, тел. +7 701 511 9005.
Жетекші маман – Жестовская Александра Александровна, тел. +7 701 514 5875.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен көзделген жағдайда өтінімдерді қайта қабылдау ерекшелік болып табылады.
ҚР АШМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары (ҚР АШМ 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Құжаттар нысандарын жүктеу сілтемесі:
АШТӨ үшін 3-4 сыныпты бидай экспортына квота алуға арналған құжаттар тізбесі
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/activities/3787?lang=kk&parentId=3529
АҚК-ға 3-4 сыныпты бидай экспортына квота алуға арналған құжаттар тізбесі
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/activities/3788?lang=kk&parentId=3529
5-сыныпты және сыныптан тыс бидай экспорты бойынша квота алуға арналған құжаттар тізбесі
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/activities/3789?lang=kk&parentId=3529
Органикалық бидай экспорты бойынша квота алуға арналған құжаттар тізбесі
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/activities/3790?lang=kk&parentId=3529
Ұн экспорты бойынша квота алуға арналған құжаттар тізбесі
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/activities/3791?lang=ru&parentId=3529