ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТЕДІ

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТЕДІ

2020 жылғы 6 мамырда жануарлар ауруларын диагностикалық зерттеу бойынша қызметтер құнының жобасын талқылау өтеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 6 мамырында сағат 15.00-де «Республикалық ветеринариялық зертхана» ЖШҚ КМК ұсынған жануарлар ауруларын диагностикалық зерттеу бойынша қызметтер құнының жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.

          Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 50/1, 7 қабат.

          Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-59-40, 8 (7172) 91-60-86.

www.gov.kz, электрондық пошта: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz www.rvl.kz. электрондық пошта: resvetlab@mail.ru