Тараптар қуаттылығы жылына 60 000 тонна құрама жем зауытының құрылысын, 1000 га қарқынды бау-бақша салуды, Алматы облысында жеміс өңдеу цехын құруды талқылады.
Айта кету керек, Phoenix Global DMCC компаниясы ауыл шаруашылығы өнімдері, қант пен құрама жем өндіретін ірі өндірушілердің бестігіне кіреді.
2015 жылы компания "Агросиндикат Қазақстан" ЖШС (100% еншілес ұйым) құрып, Қазақстанға инвестиция салды. Компания Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шаруашылықтар мен элеваторларды сатып алды және жаңғыртты, 20 мың га астам алаңда майлы және дәнді дақылдардың өндірісін ұйымдастырды, 400-ден астам жұмыс орындарын құрды. 2017 жылы жалпы айналым 21 млн. АҚШ. долларын құрады.
Қазіргі уақытта Алматы облысында құны 100 млн. АҚШ доллары тұратын, екі инвестициялық жоба іске асырылуда:
- "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА құрама жем зауытының құрылысы. Жобаның құны 29 млн. АҚШ долларын құрады, 80 жұмыс орны ашылады. Нысанды ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында іске қосу жоспарлануда;
- 1000 га алаңда қарқынды бау-бақша салу және жемістерді өңдеу цехын құру. Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында жер учаскелері анықталды. Жобаның сомасы 76 млн. АҚШ долларын құрады, 250 тұрақты жұмыс орнын және бақтарға қызмет көрсету үшін 2 000-нан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.