
«Архарлы Майбүйрек» ЖШС - "Абердин Ангус" пен "Герефорд" ірі қара малдардың тұқымдарын өсіру бойынша ең ірі асыл тұқымды шаруашылықтардың бірі. Ферма 2007 жылы құрылды. Бұл жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырды. 
2013 жылы Австралиядан 5 493 бас ірі қара малдың алғашқы партиясы импортталды. Бүгінгі күні репродуктордың жалпы саны 15 мың бастан асты. Шаруа қожалығында асыл тұқымды малды ұстау үшін барлық жағдайлар бар: мал шаруашылығы базалары, электрлік қоршаулар, автоматтандырылған ветеринарлық орталықтар, малшыларға арналған үй-жайлар, қоймалар, электр және сумен қамтамасыз ету және т.б.
Жануарлар жайылымдарда жайылып және өздері дайындаған жем-шөппен қоректенеді. Тиісінше, осы жануарлардан алынған ет экологиялық жағынан таза және ішкі нарықта ғана емес, шетел нарығында да сұранысқа ие.
Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін ферма облыстағы фермерлер үшін «зәкірлі кооператив» рөлін атқарады. Бұл өнімділікті арттыру және ауылшаруашылық өнімдерінің құнын төмендетудің тиімді құралы.