Қазақстандық ет әлемдік брендке айналады

Қазақстандық ет әлемдік брендке айналады

 


Аталған шара агробизнестің, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, салалық ассоциациялар мен кәсіподақтардың арасындағы тиімді диалог алаңына айналды. Іс-шараның өткізілетін орны кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі «Арқарлы Майбүйрек» шаруа қожалығы өнеркәсіпте жаңа озық технологияларды табысты пайдаланып, жоғары экспорттық әлеуетке ие ірі мал шаруашылығы фермаларының бірі.

Форум барысында субсидиялау, өнім экспорты, ветеринарлық қауіпсіздік, нарықтар, жер қатынастары, логистика, ғылым және кадрлар мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, 2018 жылдың екінші жартысында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Оның негізі шағын және орта кәсіпорындар. Арнайы жеңілдікті несие өнімі «Сыбаға» іске қосылды. Алакөл ауданының әкімі, «Қазақстанның Ет одағы» және «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС өкілдері осы бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижелері туралы әңгімелеп берді.


Форумға сондай-ақ, Қазақстандағы мал етінің даму деңгейін жоғары бағалаған шетелдік мамандар (АҚШ, Канада, Ресей және т.б.) қатысып, жайылымдарды басқару тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ етті бұзу бойынша мастер-класс өткізді.


Ет форумының қорытындысы бойынша мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен үшін қажетті ұсыныстарды көрсететін шешім қабылданатын болады.

Сонымен қатар, осы іс-шара аясында қатысушылар «Қайыңды» ЖШС-нің бордақылау алаңына барып, «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Олар, сондай-ақ мәрмәр етінің төрт ірі өндірушілерінің стейктерінің дәмін татып, ең сапалы өнімді анықтады.


Іс-шараның екінші күнінде ірі қара мал мен ұсақ мал арасында «Жеңімпаз тұқым 2019» және барлық мал тұқымдары арасында «Best in show 2019» республикалық конкурстары және  ұйымдастырылып, оған 30-дан астам компания қатысты. Сондай-ақ, спорттық ат жарыстары өткізілді.

Қазақстандық ет бүкіл дүние жүзіне танымал бола отырып, экологиялық таза өнім ретінде жаһандық брендке айналады деп сеніммен айтуға болады.