Анонс! Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысының фермерлерімен кездеседі

Анонс! Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысының фермерлерімен кездеседі

2023 жылы 13 сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде Қазақстанның АӨК дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау, сонымен қатар, жұмыс сапары аясында аймақтың бірнеше фермаларына бару жоспарланып отыр.

 Кездесу сағат 15.00-де Түркістан қаласы, Отырар Мөлтек ауданы, 240 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақжайық» музыкалық мектебінің мәжіліс залында өтеді.

 БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7 701 701 34 50 - Дамир Егізбаев