АШМ ораза ұстағандар үшін ауызашар өткізді

АШМ ораза ұстағандар үшін ауызашар өткізді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Рамазан айында ораза ұстаған мұсылмандар үшін ауызашар ұйымдастырды. Оған сала ардагерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, сондай-ақ ведомство қызметкерлері арнайы шақырылды.  Ауызашарға қатысқан Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жиналғандарды барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бейбітшілік, амандық пен өркендеу тіледі.

Қасиетті Рамазан айының оразасын ұстау - исламдағы ең маңызды діни рәсімдердің бірі. Бұл айда бүкіл әлемдегі мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтан тыйылып, құлшылық етеді.