Анонс! Павлодар облысының көкөніс қоймаларының біріне баспасөз тур

Анонс! Павлодар облысының көкөніс қоймаларының біріне баспасөз тур

2023 жылы 17 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі Павлодар облысының көкөніс қоймаларының біріне баспасөз турын ұйымдастырады.

Соңғы жылдары Қазақстанда көкөніс қоймаларының тапшылығы мәселесі туындады, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер маусымаралық кезеңде көкөністер мен жемістерді жинайтын орын жоқ деп шағымданды. Осыған орай елімізде сақтау объектілерін салу және жаңғырту бойынша кешенді жоспар әзірленді.

Баспасөз туры аясында мамандар көкөніс қоймаларының қалай жұмыс істейтінін, қандай жабдық жеміс-көкөніс өнімдерін бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ бұл тұтынушылар үшін түпкілікті бағаға қалай әсер ететінін айтып береді. Бұдан басқа, жаңа қоймалар салу, қолданыстағы қоймаларды жаңғырту және осы бағытта мемлекеттік қолдау жөніндегі жоспарлар туралы ақпарат беріледі.

Жиналатын жері: Павлодар қ., Астана к-сі, 61 үй (Ауыл шаруашылығы басқармасы)

Уақыты: 17.03.23 ж. 9.30 сағ.

Ескерту: журналистер үшін көлік ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушы: Дамир Егізбаев +7 701 701 3450

БАҚ өкілдерін баспасөз турына қатысуға шақырамыз.