
«... Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі.
Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді.
Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.
Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн.
Сонымен қатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді.
Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады.
Жалпы, осы айтылған шаралар қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін керек».
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен
31 наурыз 2020 жыл