ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚЫМБАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚЫМБАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Құрметті арулар! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн Сіздерге қуанышты көңіл-күй сыйласын және тек бақыт пен өркендеу әкелетін жаңа асулардың бастамасы болсын.  

Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әйелдердің баға жетпес рөлін ерекше атап өткім келеді. Ресми мәліметтер бойынша, еліміздің АӨК-де жарты миллионға жуық әйел жұмыс істейді, ал республиканың әрбір бесінші шаруа қожалығын нәзік жандар басқарады. Ауыл шаруашылығы сияқты қиын саламен айналысудан жүрексінбеген әйелдерді батыл және қайсар деп атауға болады.

Қазақстандық әйелдердің энергия, күші мен сұлулығы әрқашан арта берсін! Барша арулар мен айымдарға денсаулық, қуаныш және сүйікті істеріне сәттілік тілейміз.