
Интернет кеңістігінде қазақстандық кәсіпкер, "Родина" агрофирмасы" ЖШС басшысы Иван Сауэрдің сұхбаты таратылуда, ол шенеуніктердің жануарлардың қауіпті ауруларына, атап айтқанда аусылға қарсы тұруға дайындығы, вакциналардың жоқтығы, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл вирустың Қазақстан өңірлерінде таралу фактілерін жасырғаны туралы мәлімдеді.
Алайда, АШМ сенімді түрде бұл мәлімдемелер шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді, оны ресми деректер растайды.
Мәселен, 2022 жылы мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде үнемделген қаражат есебінен аусылға қарсы вакцинаның 70 043 157 дозасы сатып алынды. Ақмола облысына осы вирустың алдын алу үшін 3 104 960 доза бөлінді (ІҚМ - 1 380 350 доза, ұсақ мал - 1 610 750 доза, шошқа – 113 860 доза вакцина), оның ішінде "Родина" шаруа қожалығына 23 мыңнан астам доза препарат берілді.
2023 жылғы 24 қаңтарда ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес, жергілікті әкімдіктердің ветеринариялық қызметіне аусылға қарсы вакциналардың 9 827 367 дозасынан астамы берілді. Атап айтқанда, Ақмола облысы 1 536 832 бірлік препарат алды (ІҚМ 538 792 доза, ІҚМ үшін - 953 500, шошқаға - 44 540 доза вакцина), оның ішінде "Родина" ШҚ-на 8,5 мың доза бөлінді.
Өңірлерде жануарларды вакцинациялау және диагностикалау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар биылғы жылдың ақпан айынан басталды және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жалғасып жатыр.
Қазақстан аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы хабарлауға қатысты. Мәселен, 2022 жылғы 14 қаңтарда Қарағанды облысындағы фермерлік шаруашылыққа карантин қойылып, халықаралық эпизоотиялық бюроға нотификация (құлақтандыру) жүргізілді. Инфекция ошағындағы 25 ірі қара мал тәркіленіп, жойылды. Аусылды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді. 2022 жылғы 8 ақпанда карантин алынып тасталды.
Бұл ретте, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай туралы ҚР Президенті Әкімшілігіне және ҚР Үкіметінің Аппаратына, сондай-ақ БАҚ пен жұртшылыққа вакцинация жүргізу жөнінде тұрақты түрде ақпарат беріліп келеді.