ҚР АШМ-ның кеңейтілген алқа отырысы

ҚР АШМ-ның  кеңейтілген алқа отырысы

2023 жылы 23 қаңтар сағат 10.00-де ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы жұмысының қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлары бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

Алқа отырысында мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы салаларында салалық бағдарламаларды іске асыру, аграрлық ғылым мен білім беруді дамыту, АӨК цифрландыру, ауыл шаруашылығы субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігі, экспортты дамыту және т. б. мәселелер қаралатын болады.

Отырыстың онлайн-трансляциясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында, сондай-ақ YouTube-арнасында жүргізілетін болады https://www.youtube.com/@user-fm8vx3fe8o/streams

Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/15, EXPO кешені, С. 2. 4 блогы, 3 қабат (Цифрлық үкіметті қолдау орталығының кеңсесі)

 

БАҚ-ты аккредиттеу мына почта бойынша жүргізіледі

Minagripress@gmail.com

 

Аккредиттеу 2023 жылғы 20 қаңтар сағат 14.00-ге дейін жалғасады. 

Байланыс телефондары: +7 (7172) 55-57-65, 8-701-701-34-50