Қостанай облысы тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығы Қазақстанда үздік болып танылды

Қостанай облысы тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығы Қазақстанда үздік болып танылды

Қазақстанның ең үздік жеке қосалқы шаруашылығы таңдалды. ЖҚШ-ны дамытуды ынталандыруға бағытталған республикалық конкурсқа еліміздің әр өңірінен жүзден астам үміткерлер қатысты.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 1-орынды Қостанай облысының тұрғыны Абылай Байділдин иеленді, оның қосалқы шаруашылығы республика бойынша үздік деп таныды.

Екінші орынды ШҚО-дан Ерғали Мешеловтың пен Ақмола облысынан Байғабыл Әбілдиннің жеке қосалқы шаруашылықтары бөлісті.

Сондай-ақ, үшінші орынды Оразхан Арыстанов, Жәнібек Елтезеров, Сергей Муршель – сәйкесінше Қызылорда, Ақтөбе және Павлодар облысының өкілдері иеленді.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 50 жеке қосалқы шаруашылығының тізімі жасалды.

Айта кетейік, аталған байқау елімізде алғаш рет өткізілді және ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өтікзу саласында ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізуген ауыл тұрғындарын ынталандыруды көздейді.