Жаңа - 2023 жыл құтты болсын!

Жаңа - 2023 жыл құтты болсын!

Құрметті, қазақстандықтар!  Сіздерді Жаңа - 2023 жылмен құттықтаймыз!

Отандық фермерлер үшін өтіп бара жатқан жыл өте қарқынды болды, сондай-ақ күрделі экономикалық және геосаяси жағдайларға қарамастан ең табысты болды.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі және базалық салаларының бірі болып табылады, сондықтан да оны драйвер деп атайды.  2023 жылы саланы өзгерістер, реформалар, мемлекеттік қолдау мен реттеудің жаңа тетіктері күтіп тұр. 

Мыңдаған шаруалардың кәсібилігі мен еңбектегі қабілеттілігі барлық жоспарланған міндеттерді жүзеге асыруға және алдағы жылы да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетіні сөзсіз.

Саланың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ қарапайым қазақстандықтарға зор денсаулық, жақсылық пен амандық тілейміз. Жаңа - 2023 жыл өркендеу, жаңа жетістіктер мен жеңістер жылы болсын!