АШМ-ның ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыс тобын құруға қатысты ұстанымы

АШМ-ның ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыс тобын құруға қатысты ұстанымы

Әлеуметтік желілерде қоғам өкілдерінің саладағы сот істерін кешенді тексерумен және фермерлерді мемлекеттік органдардың заңға қайшы әрекеттерінен қорғаумен айналысатын ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі арнайы жұмыс тобын құру бастамасы туралы ақпарат пайда болды.

Белсенділер кейс ретінде шаруалардың мемлекеттік органдар өкілдері тарапынан көріп отырған заңсыз әрекеттері, оның ішінде субсидияларды пайдалану және ауыл шаруашылығы жерлерін игере алмау фактілері бойынша тап болған жағдайлар көрсетіледі.

Қоғам белсенділерінің пікірінше, уәкілетті мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы,  осындай жағдайларды кешенді тексерумен айналысып, сондай-ақ қарапайым фермерлер зардап шегетін ауыл шаруашылығының проблемалық учаскелерін бақылай алады. Қоғамдық ұйым осылайша шенеуніктердің заңсыз әрекеттерін тоқтатуға болады деп есептейді.

 Аталған мәселелер құқық қорғау және сот органдарының құзыретіне жататынын атап өту керек. Осы мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобын құру қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан қазіргі уақытта екі жұмыс тобы құрылғанын хабарлаймыз:

  1. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы бұйрығымен бизнес пен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылған Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы.

Жұмыс тобының негізгі міндеті - агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы дағдарыстық жағдайлар шаралары жөніндегі жедел штабтың «АӨК» шағын тобы.

Аталған жұмыс тобы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы бұйрығымен құрылды. Негізгі міндеті - геосаяси жағдайдың шиеленісуінің салдарын нивелирлеу және аграрлық бизнесте туындайтын проблемаларын жедел шешу болып табылады.  

         Сондай-ақ, министрліктің жанынан АӨК-де әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия жұмыс істейді. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жұмыс шеңберінде 2021 жылғы 23 маусымда министрлік, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ және жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) сала бойынша ең төменгі тарифтік мөлшерлемелердің орташа жалақыға және оны индекстеуге арақатынасын қамтитын бірыңғай еңбекақы төлеу стандарттарын енгізуді көздейтін келісімге қол қойды. Бұл келісім мыңнан астам кәсіпорындар мен 40 мың фермерлердің, 100 мыңнан астам сала қызметкерлерінің қызметін қамтиды.

 Сонымен қатар, биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы қалыптасты, оның құрамына азаматтық қоғам мүшелерінің ішінен 18 адам кіреді. Кеңес ауыл шаруашылығы саласы үшін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысады.

Қазіргі уақытта қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға тікелей төрт нысанда: қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама, қоғамдық тыңдау және құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдауға қатысады.