Хабарландыру

Хабарландыру

2022 жылғы 29 желтоқсандағы сағат 10.00-ге жоспарланған квоталар енгізу кезінде тауарлардың экспортына немесе импортына лицензиялар беру кезінде АӨК субъектілеріне реттеушілік әсерді талдауды алдын ала талқылау жөніндегі дөңгелек үстел отырысы 2023 жылғы қаңтарға ауыстырылды, отырыстың күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі сандық шектеулер енгізе отырып, тауарлардың экспортына немесе импортына лицензиялар беру ережесінің жобасын әзірлеген болатын. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қағидаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар алдымен реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізуі қажет. Сараптамалық пулға «Атамекен» ҚР ҰКП, салалық қауымдастықтар, қоғамдық кеңес және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.