Анонс! Ауыл шаруашылығы вице-министрі Маңғыстау облысының фермерлерімен кездеседі

Анонс! Ауыл шаруашылығы вице-министрі Маңғыстау облысының фермерлерімен кездеседі

2022 жылғы 29 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде өңірлердің АӨК дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында облыстың бірнеше шаруа қожалықтарына барады деп жоспарланған. 

Кездесу Қарақия ауданы әкімдігінде сағат 10.00-де, Маңғыстау облысы әкімдігінде сағат 16.10-да өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат алу үшін тел.: +7 701 701 34 50  Дамир Егізбаев