
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының жобасын әзірледі.
Бұл ретте, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуі тиіс.
Осыған байланысты, Министрлік ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында сағат 10-00 (ZOOM қосымшасы арқылы) «Сандық шектеулер енгізілген кезде тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде АӨК субъектілеріне реттеушілік әсерді талдауды алдын ала талқылау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП, салалық қауымдастықтар, қоғамдық кеңес және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр (квота)».