Ресей-Қазақстан шекарасында фитосанитарлық бақылауды күшейту коронавирусқа байланысты емес

Ресей-Қазақстан шекарасында фитосанитарлық бақылауды күшейту коронавирусқа байланысты емес

Қазақстан-Ресей шекарасында фитосанитарлық бақылауды күшейту ҚР АШМ мен өткен жылы басталған Россельхознадзордың бірлескен жұмысының жалғасы болып табылады, сондықтан бұл шаралар COVID-19 вирусының таралуына қатысты жағдайға ешқандай қатысы жоқ деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР АШМ Қазақстан тарапы өткен жылы тиісті шаралар қабылдап, соның аясында РФ шекарасына жақын жерде ҚР-ға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жүктерді алып келу кезінде бұзушылықтарды анықтау үшін 32 фитосанитарлық бақылау пункті құрылды.

2020 жылдың басынан бастап РФ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде 293 тәртіп бұзушылық анықталып, 10 млн теңгеге айыппұл салынды. Россельхознадзордың атына 39 нотификация жіберілген.

Бұл ретте, 2020 жылы ҚР кәсіпкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар туралы нотификациялар түскен жоқ.

Жүргізілген жұмыс аясында Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Ауыл шаруашылығы қадағалауына Қазақстан-Ресей шекарасында фитосанитарлық бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар, ҚР АШМ фитосанитарлық бақылау өсімдік ауруларын тудыратын ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестерінің енуін болдырмауға бағытталғанын түсіндіреді.

Осыған байланысты фитосанитарлық бақылауды күшейту COVID-19 вирусының таралуына ешқандай қатысы жоқ.