Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады

Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кезекті азаматтарды қабылдауын  өткізді. Бұл жолы Қазақстанның әр өңірінен тұрғындар аграрлық ғылымды дамытудың болашағы, АӨК субсидиялау, жер қатынастары, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту мәселелерімен келді.

Қаралған әрбір өтініш бойынша Ербол Қарашөкеев құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді, ол қабылдауға келген қазақстандықтарды көтерілген мәселелерді шешуді өзінің жеке бақылауына алынатынына сендірді.

Айта кетейік, министрдің халықпен кездесуі тұрақты негізде өткізіліп тұрады.