
Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Оған Премьер-Министр орынбасары Роман Скляр қатысты.

Сала басшысы Сапархан Омаров бастаған жиында министрліктің 2019 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттері талқыланды.
Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек САПАРОВ мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларын дамыту қорытындылары және 2020 жылға арналған, оның ішінде Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалар ескерілген жоспар туралы баяндады.

Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі жұмыс қорытындылары мен жоспарлар туралы кеңінен вице-министр Рүстем ҚҰРМАНОВ айтып берді.

Сондай-ақ, жиын барысында ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыс қорытындылары мен жоспарлары, Аграрлық ғылымды реформалау барысы баяндалды.


