
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждарды төлемей, Қазақстан Республикасына 75 027,7 тоннадан аспайтын жиынтық көлемде әкелуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.
Тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өгдіруге арналған ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім берушіге ең аз мәлімделген көлем жиынтық көлемде кемінде 3300 (үш мың үш жүз) тоннаны құрайды.
Өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар жиынтық көлемде кемінде 3300 (үш мың үш жүз) тоннаны құрайды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:
2022 жылғы 4 қараша сағат 9.00-ден бастап 2022 жылғы 10 қараша сағат 18.30-ға дейін.
Квота алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Ақ қантты әкелуге квота алу үшін өтінім беруші осы қағидаларға 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді (Бұйрықтың 3-1 тармағы).
Құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алу үшін өтінім беруші осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді (Бұйрықтың 3-1 тармағы).
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
Негізінде тауарларды әкелуді жүзеге асыру жоспарланатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;
Өтінім берушіде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге мәлімделген көлемнің 100%-ы мөлшерінде қаражатының бар екенін растау (банктен қаражаттың бар екендігі туралы растаухат: өтінім берілген күнге шоттан үзінді-көшірме, жеткілікті көлемде ашық кредиттік желінің болуы).
Өтінімдер (бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар) уәкілетті органның кеңсесі (Астана қ., Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс) арқылы қағаз түрінде немесе уәкілетті орган кеңсесінің office@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде PDF форматында беріледі.
Өтінімді жібергеннен кейін өтінімнің қабылдануы және тіркелуі туралы ақпаратты 8 (7172) 555-763 телефонға хабарласып, анықтау қажет.
Құжат нысандарын жүктеу сілтемесі: