
Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан Президентінің атынан ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. Министрлік өкілдері ауыл шаруашылығы саласындағы елеулі жетістіктері үшін ордендермен, медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ербол Қарашөкеев өз сөзінде Қазақстанның аграрлық секторы қазіргі уақытта белсенді даму сатысында тұрғанын атап өтті. Республика әлемдегі бидай мен ұнды экспорттаушы ең ірі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекет Басшысы еңбек өнімділігі мен өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға барынша көңіл бөледі.
Салтанатты жиын соңында Ауыл шаруашылығы министрі барлық қатысушыларға амандық пен еңбекте табыс тіледі.