Анонс

Анонс

2022 жылы 20 қазанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.

            Күн тәртібінде өңірдің АӨК дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында министр облыстың бірнеше шаруа қожалықтарына барады.

            Кездесу сағат 12.30-да Абай ауданы, Көксу ауылының "Шанс" ШҚ базасында өтеді.  

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

            Тел. бойынша толық ақпарат.: 8-701-701-34-50 Дамир Егізбаев