
2022 жылы 3 қазанда АӨК дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында оның басшылық құрамы айқындалды. Қеңес жанындағы төрт комитеттің төрағалары сайланып, сондай-ақ қоғамдық тыңдаулардың кестесі мен кеңестің жыл соңына дейінгі жұмыс жоспары бекітілді.
Кеңестің төрағасы болып "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметін атқаратын Анас Баққожаев сайланды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жаңа төрағаның жұмысына табыс тіледі, сондай-ақ кеңестің шешетін негізгі міндеттерін атап өтті.
Атап айтқанда, кеңес қазан және қараша айларында АӨК субсидиялау қағидаларының жобасын, ет өнімдерінің экспортын кеңейту мәселесін қарауы, "Жер инспектор" ақпараттық жүйесін енгізу перспективаларын зерделеуі және т.б. атқаруы тиіс.
Сондай-ақ, қоғамдық бақылау шеңберінде кеңес мүшелері Республикалық ветеринариялық зертхана мен Ветстанцияға ауыл шаруашылығы жануарларының шығуын, экспорты мен импортын және ветеринарияның бақылауындағы өнімдерді тіркеу кезінде бұрмалаушылық мәніне тексеру жүргізеді. Сондай-ақ субсидиялаудың жаңа ақпараттық жүйесі жұмысының сапасын бағалайды.
Айта кетейік, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамына ҚР АШМ өкілдері, парламент депутаттары және азаматтық қоғам мүшелерінің қатарынан 18 адам кіреді. Кеңес ауыл шаруашылығы саласы үшін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысады.