
2022 жылы 17 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері шеңберінде Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді. Күн тәртібінде өңірдің АӨК дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау жоспарланған. Сонымен қатар, облыстағы бірнеше фермерлік шаруашылықтарға бару көзделіп отыр.
Кездесу сағат 13.00-де Ақтоғай ауданының мәдениет үйінде өтеді.
БАҚ өкілдерін кездесуге шақырамыз.
Толық ақпарат тел.: +7 747 438 56 06 - Әсем
+7 701 701 34 50 - Дамир Егізбаев