
Жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асырған бір ай ішінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға 43,6 млрд теңге сомасына 1089 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім түсті. Оның ішінде 16,6 млрд теңге сомасына 369 бірлік техника қаржыландырылды.
Жеңілдікпен кредит беру шарттары:
Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несие бағдарламасы 20 жылға есептелген және револьверлік сипатқа ие. Оны іске асыру үшін 40 млрд теңге бөлінген, бұл сомаға Қазақстанда жасалған 1000-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр.