
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша нақты шаралар әзірленді. Ол туралы Үкімет отырысында министр Ербол Қарашөкеев айтып берді.
"Өндіріс көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру үшін мемлекеттік ынталандыру және қолдау шаралары түзетіліп жатыр Атап айтқанда, субсидиялау қағидаларына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өндіріс көлемін тұрақты ұлғайту және шикізатты қайта өңдеушілерге жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді алуы бойынша міндетті норма енгізіледі. Терең қайта өңдеу өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету ауқымын кеңейту көзделіп отыр", - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Саланы субсидиялау жөніндегі жаңа қағидаларды әзірлеу аяқталуға жақын, ол 2023 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылаудың және оларды бағалаудың пәрменді құралдарын енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша болдырмау және цифрландыру есебінен субсидиялар алу рәсімін жеңілдету жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығына инвестицияларды одан әрі тарту, өндіріске ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет пен ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу көзделген.
"Министрлік ауыл кооперациясын дамыту бойынша қолданыстағы заңнамалық базаны кеңейту және кооперативтік қозғалысты мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша Парламентке ұсыныстар енгізді. Келесі жылы іске асырылып басталатын өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, бүкіл республика бойынша ең үздік жұмыс тәжірибесін масштабтау бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді", - деп толықтырды Е.Қарашөкеев.
Кәсіпкерлерге жер бөлудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттер шеңберінде бос жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері туралы қолда бар деректерді бірыңғай базаға біріктіру жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, бірыңғай цифрлық платформаға ауыл шаруашылығы, оның ішінде су ресурстары бойынша ақпарат жиналатын болады.
ҰАҒББО еншілес ұйымының базасында АӨК-те цифрландырудың бірыңғай операторы құрылды, сондай-ақ бірнеше РММ, оның ішінде "Аймақтық гидрегеологиялық-мелиоративтік орталық", "Қызылорда гидрегеологиялық-мелиоративтік экспедициясы", "Оңтүстік Қазақстан гидрегеологиялық-мелиоративтік экспедициясы", "Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық" базасында бірыңғай бейінді кластерлік топырақ қызметін, сондай-ақ «Республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Жер кадастры департаментінің іздестіру және жер мониторингі басқармасы және аумақтық құрылымдық бөлімше және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы агрохимиялық, топырақтық зерттеп-қарау және кешенді-іздестіру жұмыстары департаментін құру ұсынылады.
Жер мәселесіне келетін болсақ, бүгінгі таңда мемлекетке 2,9 млн.га пайдаланылмайтын жерлер қайтарылды және 2023 жылдың соңына дейін 10 млн. га игерілмей жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлері бойынша нақты шешімдер қабылданатын болады.
"Осы көлемді жұмысты орындау үшін пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша мониторингті жүзеге асыру функцияларын тиісінше орындамаған жағдайда, аудандар әкімдерінің және жер қатынастарына жетекшілік ететін облыс әкімдері орынбасарларының жауапкершілігін күшейту қажет", - деп қорытындылады министр.