Ауыл шаруашылығы саласындағы «таза парақтан» реттеу

Ауыл шаруашылығы саласындағы «таза парақтан» реттеу

2021 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы бизнес үшін артық талаптардың өсуін тежеу және тиімсіз талаптарды алып тастау үшін Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды.

Бизнеске қойылатын талаптарды белгілеу шарттары:

- негізділік;

- теңдік;

- ашықтық;

- орындау;

- анықтық;

- жүйелілігі.

«Таза парақтан» реттеу бизнес-ортаны реттеу тиімділігін арттыруға және кәсіпкерлікті жандандыру үшін қолайлы және ынталандырушы жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндік береді, содан кейін кәсіпкерлер әкімшілік жүктеменің төмендеуін сезінеді.

Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бизнеске қойылатын талаптарды 7 бағыт бойынша төмендету жұмыстарын жүргізуде: ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, жер қатынастары, астық нарығы, тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдері мен органикалық өнімдерді қайта өңдеу.

Осы бағыттар бойынша тұрақты негізде бизнес пен «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен жұмыс отырыстары өткізілуде. Ауыл шаруашылығы саласында 210 нормативтік құқықтық актілер талданды, онда 10 005 талап анықталды, оның 2380-і ЕЭК талаптарын құрады. Қалған 7 625 талаптың 711-і қайта қарауды талап етеді. Талаптардың қысқаруы 9,3%-ды құрады.

Мысалы, ветеринария саласындағы жұмыс тобы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында «Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді» деген 20-баптың 8-тармағын алып тастауды ұсынады, өйткені ол бірізділіктің базалық шарттарына сәйкес келмейді. Бұл тармақ ҚР Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келеді, оған сәйкес бақылау және қадағалау тәртібін уәкілетті орган емес, ҚР Кәсіпкерлік кодексі және салалық заң белгілейді.

Осылайша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет пен бизнестің ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді іс-қимылы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Талаптарды қайта қарау бойынша ұсыныстар мен қызықтыратын сұрақтарды 8(708)8211275 нөміріне хабарласып немесе өз ұсыныстарыңызды beisekeyeva.a@minagri.gov.kz электрондық поштаға жібере аласыз.