Еліміз егістік тұқымымен толық қамтамасыз етілген

Еліміз егістік тұқымымен толық қамтамасыз етілген
ҚР АШМ мемлекет көлемінде 2020 жылға арналған қанша егістік тұқымы барын хабарлады.

Облыс әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес ағымдағы жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша 2459,2 мың тонна тұқым даярланған, бұл жоспардың 99,7%-ы.

Оның ішінде дәнді дақылдар тұқымы – 1936,0 мың тонна (жоспарға 100,1%), майлы дақылдар – 89,1 мың тонна (жоспарға 99,0%), жем-шөп - 15,2 мың тонна (жоспарға 91,3%), картоп – 417,6 мың тоннаны (жоспарға 98,5%) құрайды.

Қызылорда (83,8%), Ақтөбе (91,1%), Қостанай (98%) және Шығыс Қазақстан (99,3%) облыстарында тұқым толық көлемде жиналмаған.

Нақты айтсақ, дәнді дақылдар тұқымдары Ақтөбе облысында - 93,1%, Қостанай облысында 97,9%-ға, майлы дақылдар тұқымдары Шығыс Қазақстанда - 84,8%, Қызылорда - 87,7% және Павлодар облысында - 88,8% пайызға ғана қамтамасыз етілген.

Жем-шөп дақылдарының тұқымдары төмен көлемде жиналуы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Онда жоспарланған тұқым көлемінің 64,3%-ы ғана, ал Ақтөбе облысында (64,7%), Батыс Қазақстан (69,6%) және Қызылорда облысында (86,7%) дайын.

Картоп тұқымының Ақтөбе облысынан басқа (82,1%) барлық республика бойынша қажетті көлемі бар.

Егіс науқаны басталғанға дейін аталған облыстарда тұқымдардың жетіспейтін көлемін облыс ішінде, республиканың басқа облыстарынан тұқым сатып алу және импорт есебінен толықтыру жоспарлануда.