
«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 215 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы шілде-қыркүйек айларына 550 000 (бесжүз елу мың) тонна бидай мен меслинды (СЭҚ ТН кодтары 1001) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге арналған квота көлемін бөлудің басталғаны туралы хабарлайды.
Сондай-ақ, 370 000 (үшжүз жетпіс мың) тонна бидай және қара бидай ұнын (СЭҚ ТН кодтары 110100) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге арналған квота көлемін бөлудің басталғаны туралы хабарлайды.
Квота көлемін бөлудің басталуы 2022 жылғы 8 шілдеде сағат 9.00-ден.
Квотаның қолданылу кезеңінде әкетуге рұқсат етілетін лимит бір өтінім берушіге бидай бойынша 50 (елу) мың тоннаны, бидай немесе қара бидай ұны бойынша 10 (он) мың тоннаны құрайды.
Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған «e-Аgrіculture» жүйесінде (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 215 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.
Қағидаларға сілтемелер: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/169585/kaz