Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды
ҚР Президентінің ГФР-на ресми сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Федералдық Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

2019 жылдың 5-6 желтоқсанында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында немістің ірі компаниялары, оның ішінде CLAAS және BAUMANN компанияларының басшылығымен кездесті.

Ресми делегация құрамында барған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров  ГФР азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалог» екі жақты кооперациялық жобасы аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме жасасты.

 
Осылайша, тараптар аграрлық азық-түлік секторындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға, сондай-ақ тәжірибе мен білім алмасуға белсенді түрде жәрдемдесуге келісті.

Сонымен қатар, Сапархан Омаров Қазақстандағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығының (АМТК) қамқорлығына Неміс аграрлық орталығын (НемАО) қабылдау туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

 
«Аталмыш құжат НемАО қызметіне Ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығының «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-мен (ҰАО) және «Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығымен» тығыз ынтымақтастықта НемАО басқарушы комитетіне консультациялық қолдау көрсету, оның жобаларына саяси қолдау көрсету және тиімді бағыт беру міндеттемелерін бекітті», - деп атап өтті ҚР АШМ.