Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында Түркия елінен келген анар жемістерінен қауіпті карантиндік зиянкестері–комсток сымырынжұқтырған 2 318 кг жидекті анықтады.
Аталған өнім тәркіленіп, экополигон аумағында өртеу әдісімен жойылды.Сонымен қатар, осы факті бойынша инспекторлар тарапынан әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша,комсток сымырынегізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, цитрустер, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш, және басқада бақша көкөністері мен жеміс-жидектерін және жабайы өсімдіктерді зақымдайды.Қауіпті зиянкестер жаппай таралған кезде өсімдітердің қурауына әкеліп соқтырады.