Алматыда азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі декларацияға қол қойылды

Алматыда азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі декларацияға қол қойылды

Алматыда азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) халықаралық форумының қорытынды сессиясы өтті. Форум қорытындысы бойынша осы саладағы декларацияға қол қойылды.

Іс-шара ИЫҰ-ға мүше бірқатар Орталық Азия мемлекеттері үкіметтері, жетекші аграрлық ЖОО өкілдері, танымал ғалымдар мен халықаралық серіктестердің қолдауымен өтті.

«Форум аясында біз бірқатар маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, білім беру және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы түрлі озық тәжірибелермен таныстық. Біз конструктивті пікір алмасу мен барлық презентациялар өзекті болғанына, болашақтың таланттарын қалай дамытып, азық-түлік жүйелерімізді тұрақты ете алатынымыздың түрлі аспектілері қарастырылғанына сенімдімін», - деп атап өтті Азық-түлік қауіпсіздігі жқніндегі Ислам ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет.

Қорытынды сессияда Биозасол шаруашылығы халықаралық орталығының бас директорының м. а. Тарифа Аль Зааби, Ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру бойынша өңірлік университеттер форумы (RUFORUM), қауымдастықтың оқыту және дамыту бағдарламасының менеджері, доктор Энтони Эгеру, Бейрут американдық университетінің ауыл шаруашылығы ғылымдары және азық-түлік ғылымдары факультетінің экожүйелерді басқару кафедрасының профессоры, доктор Рами Зурайк, ҚазҰАЗУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Есбол Өміржанов сөз сөйледі.

Олар АҚИҰ-ға мүше елдердің жоғары оқу орындарында арнайы оқу бағдарламасын әзірлеу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі факультеттерін құру жөніндегі пікірді бірауыздан қолдады.

ҚазҰАЗУ тағылымдамадан өтушілер мен білім алушыларға арналған стипендиялық бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінеді. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы «COMSTECH» компаниясымен бірлесе отырып, ИЫҰ-ға мүше елдердің зерттеушілері мен ғалымдарына халықаралық стипендиялар тағайындайды.

Биыл оқу жылының басынан бастап стипендиялық бағдарлама Бангладеш, Пәкістан, Чад, Нигерия, Мавритания, Египет, Мозамбик, Ауғанстан өкілдеріне беріледі.