ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кеңесші органдардың санын қысқартты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кеңесші органдардың санын қысқартты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру шаралары туралы»  Жарлығын орындау үшін мемлекеттік органдар екі ай мерзім ішінде консультативтік-кеңесші органдардың (бұдан әрі – ККО) санын екі есе қысқартуы керек болды.

Министрлік басшылығы 3 ККО-ны: аграрлық саясат жөніндегі кеңесті, ғылыми-техникалық кеңесті, сондай-ақ жер қатынастарын дамыту мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесті тарату жөнінде шешім қабылдады.

Осылайша, министрлікте бүгінгі таңда үш ККО жұмыс істейді: жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес және мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес.