Баспасөз аңдатпасы

Баспасөз аңдатпасы

Ертең, 2022 жылы 8 маусымда сағат 09: 00-де Алматы қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) халықаралық форумы өтеді.

Форум жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысады деп күтіліп отыр.

Форумда азық-түліктің жетіспеушілігінен зардап шегетін әлемнің ең осал елдерін анықтауға байланысты өзекті мәселелер талқыланады, әлемдегі климаттық өзгерістердің азық-түлікпен қамтамасыз етуге әсері талданады, әлемдегі тамақ қауіпсіздігінің жай-күйіне баға беріліп, тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары белгіленеді.

Іс-шараның модераторы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының аға байланыс офицері Манафи Абдула Мутуало мырза болады.

Сіздерді осы форумға қатысуға шақырамыз.

 

Өтетін орны:

Алматы, Шевченко к-сі 28, Ғылым Ордасы (Ұлттық Ғылым Академиясы).

Анықтама және аккредитация телефоны: 8-771-775-55-31.