Қазақстанның АӨК егіс науқаны кезінде тұқым, ЖЖМ, агрохимия, техникамен және несиелендірумен толық қамтамасыз етілген - АШМ

Қазақстанның АӨК егіс науқаны кезінде тұқым, ЖЖМ, агрохимия, техникамен және несиелендірумен толық қамтамасыз етілген - АШМ

Бүгін, 25 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы туралы мәлімдеді.

«Егіс жұмыстарын жүргізуге, АШТӨ-ні тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселелерді үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды, оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыстар әкімдерінің орынбасарлары кірді. Штаб отырысы апта сайын өткізіледі»,-деді вице-министр.

Ол ағымдағы жылдың ақпан мен маусым аралығында егіс жұмыстарын жүргізуге аграршыларға 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық екенін еске салды.

Бұл ретте жеткізу, сақтау және сату бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (АШТӨ) үшін орташа баға 200 теңге/литрді құрайды (АЖҚС-та баға 230-дан 260 теңге/литрге дейін), бұл орташа алғанда 15% - ға арзан.

Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес аграршыларға отын жөнелтіліп жатыр, деді Ә.Тамабек.

Бұған қоса, есептік деректерге сәйкес, тұқым себу жоспардан 100% жүзеге асырылды. Тұқым сараптамасы жүргізілді, оның 99%-ы кондициялы деп танылды, 90,6%-ы егіс стандартының 1 және 2 класына сәйкес келеді.

Бұған дейін Ресейден дәнді дақылдарды жеткізуге қатысты проблемалар туындағаны туралы хабарланған болатын. Мұның себебі Ресей тарапының дақылдарды экспорттауға тыйым салуы болды. Бұл мәселе ҚР мен РФ премьер-министрлерінің орынбасарлары деңгейінде көтеріліп, нәтижесінде Ресей Федерациясының Үкіметі тұқымдарды әкетуге тыйым салуды алып тастап, оларды рұқсат беру тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұл қосымша 14 мың тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымын алуға мүмкіндік берді, бұл отандық аграршыларға дәнді дақылдар тұқымдарының келісімшарт жасалған партияларын алуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, вице-министр аграрийлерді агрохимиямен қамтамасыз ету мәселесі туралы айтты. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылы шамамен 670,2 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,7 мың тоннаға артық.

«Бүгінгі таңда тыңайтқыштарды жеткізуге 408,6 мың тонна көлемінде келісімшарт жасалды. Іс жүзінде барлық өңірлерде минералды тыңайтқыштарды жөнелту басталды, аграршыларға шамамен 308,1 мың тонна тыңайтқыш тиелді. Қоймалардағы қорлар, соның ішінде импорттық тыңайтқыштар қалыптасты. Фермерлер тыңайтқыштардың, оның ішінде отандық тыңайтқыштардың қымбаттығы мәселесін көтерді. Үкімет тиісті жұмыс жасады, минералдық тыңайтқыштардың ірі өндірушісі – «ҚазАзот» компаниясы өндірілетін аммиак селитрасының құнын тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады», - деп қосты Ә. Тамабек.

Айта кетейік, көктемгі егіс жұмыстарын сәтті өткізудің негізгі мәселесі фермерлерді несие қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Ағымдағы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беруге 70 млрд.теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді.

«Кең дала» бағдарламасы аясында ресми түрде 70 млрд.теңге сомасына 2562 АШТӨ өтінімі келіп түсті, оның ішінде 69 млрд. теңге сомасына 2086 өтінім қаржыландырылды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өз қаражатынан 14 млрд.теңгеден астам сомаға 435 АШТӨ-ге кредит берді, олар қосымша бөлінген қаражаттан өтелетін болады.

Форвардтық сатып алу шеңберінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ  93,6 млрд.теңгеден астам сомаға 550 өтінім түсті. 74,4 млрд. теңге сомасына 410 өтінім қаржыландырылды.

Биыл қаржыландыру сомасы 80 млрд.теңгеге дейін жеткізілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе артық.

Сондай-ақ жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он атауға дейін сатып алынатын дақылдардың тізбесі кеңейтілді.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселесін министрлік тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде басталғанын атап өту қажет. Қазіргі уақытта 11,3 млн. га алаңға дақылдар егілді.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 2022 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы қалыптасты. Жалпы егіс алқабы 23,1 млн га құрайды, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың га артық.

Жемшөп дақылдарының алқабы едәуір көбейіп, 3,6 млн га құрады, сондай-ақ картоп, күнбағыс, көкөніс алқабы ұлғайтылды.