
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы және экологиялық айлық аясында аумақты тазалау бойынша 23 сәуір күні өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілік аясында қатысушылар қыс мезгілінен кейін қала аумағын тазалау, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Жалпықалалық сенбіліктердің негізгі мақсаты қоғамның назарын қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару болып табылады.
Айта кететіні, "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы аясында елордада апта сайынғы сенбіліктерге 80 мыңнан астам адам, 10 мың кәсіпорын мен ұйым қатысады деп күтілуде. Экологиялық акция барысында жалпы ауданы 5,5 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 12 мыңнан астам көшет отырғызылады.