Бидай мен ұн экспортына квота енгізуге қатысты өзекті сұрақтар мен жауаптар

Бидай мен ұн экспортына квота енгізуге қатысты өзекті сұрақтар мен жауаптар

Бидай мен ұн шығаруға квоталарды бөлу қалай жүзеге асырылады?

Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квоталар көлемін бөлу «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінде (бұдан әрі – БАБЖ АЖ) фитосанитариялық сертификаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларына сәйес автоматты түрде жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 сәуірдегі №110 бұйрығымен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қолданысқа енгізілгеннен кейін БАБЖ АЖ-да квота көлемінің сандық лимиті тауарлардың түрлері бойынша қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін өтініш берушілер арасында бөлу тауардың әрбір түрі бойынша квота көлемі толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады, содан кейін уәкілетті орган фитосанитариялық сертификатты беруде бас тартады.

Азық-түлік корпорациясымен астықты сатып алу қалай жүзеге асырылады?

Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге астық қабылдау кәсіпорындарына астық қолхаттарын ұстаушылар тізілімінде астық қолхатын мемлекеттік электрондық нысанда сатуға/сатып алуға бұйрыққа қол қою арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге мәлімделген бидай көлемінің 10 (он) пайызын астық нарығы жөніндегі операторға («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ) тіркелген баға бойынша өткізген өтініш берушілер жіберіледі.

Ол үшін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар Азық-түлік корпорациясына немесе оның облыстық өкілдіктеріне жүгінуі керек.

Астық сатып алу шартының үлгілік нысаны Азық-түлік корпорациясының сайтында орналастырылған - www.fcc.kz.

Азық-түлік корпорациясында өткізілетін бидай қандай сапалық параметрлерге сәйкес келуі керек?

3-сыныпты жұмсақ Triticum aestivum L. бидайдың сапалық көрсеткіштері

Сапалық көрсеткіштер

Натурасы, г/л, кем емес

710

Сағыздың салмақ үлесі, %, кем емес

23,0

Сағыз сапасы, дана. ИДК

20-100

Ылғалдылығы, %, жоғары емес

14,0

Шөпшалаң қалдықтар, %, жоғары емес

2,0

Дәнді қалдықтар, %, жоғары емес

5,0

Ақуыздың салмақ үлесі, құрғақ затына %, кем емес

11,5

Құлау саны, сек, кем емес

160

Зиянкестермен залалдануы

Жол берілмейді

Қалған көрсеткіштер

3-сыныпты жұмсақ Triticum aestivum L. бидай үшін айқындалған

ҚР СТ 1046-2008 нормалары аясында

Квота алу кезінде бір өтініш берушіге шектеу бар ма?

Қағидалардың 9-тармағына сәйкес квотаның қолданылу кезеңінде бір өтініш берушіге жұмсақ бидайды әкетуге рұқсат етілген лимит 50 (елу) мың тоннаны, ұнға – 10 (он) мың тоннаны құрайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігін бидай мен ұнға арналған квотаның қолжетімді көлемі хабардар ете ме?

Қағидалардың 10-тармағына сәйкес уәкілетті орган күн сайын интернет-ресурста мынадай ақпаратты орналастырады:

1) тауардың әрбір түрі бойынша берілген квота көлемінің саны;

2) тауардың әрбір түрі бойынша бөлінуге жататын квотаның қолжетімді көлемі.