
2022 жылғы 12 сәуірде ҚР Үкіметінің отырысы өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы Республикалық бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ отандық ғылымды дамыту мәселелері қаралды.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 3 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,8% - ға артып, 700,3 млрд теңгені құрады. Өсім негізінен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің 2% - ға (649,9 млрд теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Тірі салмақта ет өндіру 1,2% - ға (442,7 мың тонна), сүт 1,3% - ға (988,5 мың тонна), тауық жұмыртқасы 11,6% - ға (1 114,4 млн дана) артты.
Өсімдік шаруашылығында 42,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
"Аталған кезеңде азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 3,8%-ға өсіп, 607,8 млрд. теңгені құрады. Министрлік өңделген және консервіленген көкөністер өндірісінің 1,8 есеге, ұнның 23% - ға, жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балықтың 21,5% - ға, жарманың 8,3% - ға, шұжық өнімдерінің 7,8% - ға, макаронның 5,3% - ға, қышқыл сүт өнімдерінің 2,6% - ға артты - деп атап өтті ведомство басшысы.
Азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 35,8% - ға артып, 34,1 млрд теңгені құрады.
Жалпы, ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп түйіндеді министр.