
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың 19 қарашасы мен 12 желтоқсан күндері аралығында әлеуметтік желілердегі ауыл шаруашылығы тақырыбында жазылған үздік пост пен ауыл шаруашылығы тақырыбында түсірілген үздік фото байқауын жариялайды.
Байқаудың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы қоғаммен байланысты нығайту, азаматтарға шығармашылық тұрғыда және кәсіби «өсуге» жағдай туғызу, ауыл шаруашылығы тақырыбында әлеуметтік желі белсенділерін анықтау, олармен байланыс орнату, министрліктің баспасөз қызметінің әлеуметтік желідегі жұмысын жандандыру.
Байқау бір кезеңнен тұрады және Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде өткізіледі.
БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1.1 Байқауға әлеуметтік желілерге қосылуға мүмкіндігі бар кез-келген азамат қатыса алады.
1.2 Бағымды сынаймын деушілерге өздерінің ауыл шаруашылығы тақырыбында жазған посттарын(қазақ және орыс тілдерінде, өз таңдауы бойынша) #Agropostkz және ауыл шаруашылығы тақырыбында түсірілген фотоларын #Agrophotokz хэштектері арқылы Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде жариялау қажет (Байқау аясында 2019 жыл көлемінде жазылған посттар мен фотоларды жариялауға болады).
- «Менің ауылым»
- «Ауылымды сағындым»
- «Бірлігі бекем ауыл»
- «Ауыл шаруашылығы саласы маманының 1 күні»
- «Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер (жаңа технологиялар, өнімділікті арттыру, рекордтық өнім алу және т.б.)»
- «Ауылымның өнімдері» (әр облыстың, ауданның, ауылдың «брендіне» айналған ауыл шаруашылық өнімдері)
БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Барлық қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз:
8 7172 555 765
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі