Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда биылғы жылы 21 қарашада Бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін немесе ашық есік күнін өткізу жалпы республикалық іс-шарасын өткізу жоспарланды. Онда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, барлық деңгейдегі әкімдер азаматтарды қабылдайтын болады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы Омаровтың азаматтарды жеке қабылдауы ағымдағы жылдың 21 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36 мекен жайда сағат 9-00 ден 18-30 дейін (түскі үзіліс сағат 13-00 ден 14-30 дейін) өткізіледі.
Алдын-ала қабылдауға жазылу 8 (7172) 55-57-83, 55-59-14, 55-58-27 байланыс телефондары арқылы жұмыс уақытында
15 қараша сағат 09:00 ден басталып, 20-шы қараша сағат 18:30-ға дейін жүргізіледі. Сонымен қатар,
office@minagri.gov.kz электронды почта арқылы жазылуға болады.
(Қабылдауға алдын ала жазылудың мақсаты, көтеретін мәселе бойынша тиісті министрлікке бағынысты мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету. Осыған орай, өтінішіңіздің мәтінін толық көрсетуді және кері байланыс орнату үшін мекен-жай, байланыс телефон және электронды почта көрсетілуі қажет.