«БІРЛІК» НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

«БІРЛІК» НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы «Бірлік» несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізді.

Өзгерістер бірінші кезекте ауылды елді-мекендерде тұратын азаматтарға өз шаруа қожалықтарын жүргізу үшін несие алу жолдарын қол жетімді етіп отыр.

Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне азаматтардан аталмыш бағдарламанының шарттарын өзгерту туралы ұсыныстар келіп түскен еді. Осы орайда, Министрлік пен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бірлесе барлық ұсыныстарды ескеріп, несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Енді «Бірлік» несиелеу бағдарламасы аясында шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар және жеке кәсіпкерлерді қаржыландыру қарастырылып отыр. Сондай-ақ, бағдарламаның нысаналық бағыттары кеңейтілді. Бұған дейін жеңілдетілген негізде несиені тек сүт қабылдаумен айналысатын азаматтар ғана берілсе, енді тері мен жүн қабылдау пункттерін құру және оларды дамыту саласын несиелендіру мүмкіндігі туып отыр.

Несие алушыларға ең жоғары мөлшер 15 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұған дейін қолға берілетін сомма тек 12 млн. теңгені құраған болатын.

Бағдарлама бойынша несие алу шарттары, мерзімі және өзге де бағыттары бойынша толығырақ ақпарат төмендегі кестеде жарияланған:

Несиелеу шарттарының параметрлері Несиелеу шарттары
Қаржы көздері «Нәтижелі жұмыспен қамту», «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламаларының қаржысы; Қордың өз қаржысы; тартылған коммерциялық қаржы
Мақсатты топ шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтер (заңды тұлғалар тек тартылған коммерциялық немесе Қордың өзі қаржысы есебінен)
Бағдарламаның мақсаты

1) сүт, тері, жүн қабылдау бекеттері үшін техника және/немесе құрылғылар сатып алу;

2) айналым капиталын толықтыру

  Сома 15 000 000 (он бес миллион) теңгеге дейін
Несие/несиелеу желісінің мерзімі

«Нәтижелі жұмыспен қамту», «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламаларының қаржысы есебінен:

- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері үшін - 78 (жетпіс сегіз) айдан аспайды;

- шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер үшін - 60 (алпыс) айдан аспайды;

- айналым капиталын толықтыруға – 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.

Қор өз қаржысы немесе тартылған коммерциялық қаржы есебінен: 

- 78 (жетпіс сегіз) айдан аспайды;

- айналым капиталын толықтыруға – 24 (жиырма төрт) айдан аспайды

 

«Нәтижелі жұмыспен қамту», «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламаларының қаржысы есебінен:

- жылдық 6 %, жылдық тиімді сыйақы үстемесі 6,7% аспайды. 

Қор өз қаржысы немесе тартылған коммерциялық қаржы есебінен:

жылдық 16 %, жылдық тиімді сыйақы үстемесі - 17,5 % аспайды.

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім

- техника немесе/және құрал-жабдықтарды сатып алуға – 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;

- айналым капиталын толықтыруға – 6 (алты) айдан аспайды
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім

- техника немесе/және құрал-жабдықтарды сатып алуға - 12 (он екі) айдан аспайды;

- айналымдық капиталды толықтыруға – 6 (алты) айдан аспайды
Негізгі борышты өтеу мерзімділігі ай сайын/ тоқсан сайын/ жыртыжылдықта 1 рет несиелеудің мерзімі бойынша жарым-жартылай/ толық өтеу мүмкіндігімен
Сыйақыны өтеу мерзімділігі ай сайын/ тоқсан сайын/ жартыжылдықта 1 рет, несиелеу мерзімі бойынша нақты пайдаланған уақытқа есептелген сыйақыны өтеу мүмкіндігімен
Өтеу әдісі аннуитеттік (тепе-тең төлемдерді төлеумен)/ дифференцияланған (негізгі борышты тепе-тең үлестермен төлеумен)/ жылжымалы кесте бойынша
Қамту Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес