Аграрлық ғылым, білім беру мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өзара қарым-қатынасының мәселелері және шешу жолдары

Аграрлық ғылым, білім беру мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өзара қарым-қатынасының мәселелері және шешу жолдары
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында аграрлық ғылым, білім беру мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өзара қарым-қатынасының мәселелерін және шешу жолдарына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының (КеАҚ) Басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков қатысып, еліміздің аграрлық ғылымын дамыту жолында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып, саланың өзекті мәселелерін сөз етті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында ауыл шаруашылығы бейіні маман-түлектерінің тізімін кеңейту бөлігінде «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Олар меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерлерде орналасқан аграрлық мекемелерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс және жұмыс істеу өңірін анықтау бойынша шектеулерді жою қарастырылған.

Аталған өзгерістер ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуды тәмәмдаған ауыл тұрғындары қатарындағы азаматтарға квотамен жұмысқа орналасуға және өңірлерді АӨК кәсіби кадрларымен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бүгінгі күні ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы әзірленді.

Төлеутай Рахымбеков өзгерістер жобасы кадрлық құрамды жасарту және кадр резервін қалыптастыру, оның ішінде ғылыми қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру, «ҰАҒБО» КеАҚ еншілес ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту, сондай-ақ халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес ҚР АӨК-де сұранысқа ие ауыл шаруашылығы, ветеринарлық және басқа да мамандықтардың бакалаврларын, магистранттары мен докторанттарын дайындау үшін «ҰАҒБО» КеАҚ үш аграрлық ЖОО-ның білім беру, ғылыми-зерттеу және эксперименталдық базасын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Бүгінгі күні «ҰАҒБО» КеАҚ құрылымында 40 еншілес ұйым және 35 филиал бар (3 аграрлық университет, 13 ҒЗИ, 3 ҒӨО, 18 АТС және ТШ, 3 сервистік компания).

Аграрлық ғылыми-білім беру орталығы тобының материалдық-техникалық базасы 280 мың га жер учаскелерін; аумағы 1 400 мың ш.м. болатын ғимараттар мен құрылыстарды қамтиды; 5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөлік; 7 мың бірліктен астам зертханалық жабдықтары бар.

ҰАҒБО қызметі ғылымды, білімді және өндірісті біріктіруге бағытталған.

Қазақстан органикалық өнім өндіру және экспорттау бойынша әлемде жетекші болудың үлкен әлеуетіне ие. Агроөнеркәсіп кешені – қоғамның тыныс-тіршілігін қолдау шарттарын айқындайтын экономиканың маңызды секторларының бірі. Оның маңызы адамдардың тамақ өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде ғана емес, сонымен

қатар ол халықтың жұмыспен қамтылуына және өндірістің тиімділігіне де айтарлықтай оң әсер етеді.

Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін қалыптастыру өзінің ерекшелігі бар және тек техникаларға, жабдықтарға, білікті мамандарға, табиғи-климаттық жағдайларға, топырақтың құнарлылығына және жануарлардың өнімділігіне байланысты емес. Бұл құнарлылықты және өнімділікті арттыру үшін аграрлық ғылым маңызды рөл атқарады.

Мысалы, Қарағанды облысының «Найдоров шаруашылығы» ЖШС ғалымдардың кеңесін ұстана отырып 1 гектардан 55 центнерден өнім алды.

Соңғы жылдардағы ҰАҒБО ғалымдарының жұмыстарының нәтижелері туралы қысқаша ақпарат:

- өсімдік шаруашылығында а/ш дақылдарының 200-ге жуық сұрыптары мен будандары;

- өсімдік және егіншілік саласындағы - 278 зерттеме;

- мал шаруашылығы мен ветеринария бағытында - 179 зерттеме;

- етті мал шаруашылығындағы табынның генеалогиялық құрылымы;

- жылқы шаруашылығында Көшім тұқымды жылқының Жаңақала зауыттық түрі;

- 50 ветеринариялық препарат, иммундау әдісі, ет өнімдерін бұрмалауды бақылаудың молекулалық әдісі, 14 облыс ветеринарияда жануарлардың бірқатар аурулары бойынша халықаралық эпизодтық бюро сертификаттады.;

– фитосанитариялық мониторинг жүргізу технологиясы.

Су ресурстарын тиімді басқару мақсатында - 4 дерекқор, 27 технология, 6 электрондық карта, 1 web-ГИС жүйе және 1 гео-портал әзірленді.

«Бүгін біз, ҰАҒБО, білімді таратудың ұлттық жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Біз алдыңғы қатарлы аграрлық технологияларды, ғылыми сүйемелдеуді, консалтингті және технологиялар трансферін көрсетуді жүзеге асыратын 22 білім тарату орталығы базасында жаңа білімге оқытамыз. Бұл орталықтар фермерлердің мәселелерін анықтауды және ҒЗИ міндеттерін айқындауды қамтамасыз етеді.

Extension жүйесі республикалық деңгейдегі оқу-әдістемелік орталықтар ретінде үш аграрлық университетті (ҚазҰАУ, ҚазАТУ, БҚАТУ) қамтиды. Облыстық деңгейде АШБ, тәжірибелік-өндіріс шаруашылығы, сондай-ақ аграрлық колледждер болады. Жүйенің негізін елдің 163 ауылдық ауданындағы агроколледждер құрайды», - деп атап өтті «ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков.