Премьер-Министр ресми сапары аясында Қазақстан-Нидерланды бизнес-форумына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Нидерланды Корольдігіне ресми сапармен барды.
Іссапар аясында Премьер-Министр А.Мамин Нидерланды Премьер-Министрі М.Рюттемен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Нидерланды бизнес-форумына қатысты.
Форумда 200-ге жуық нидерландтық және қазақстандық бизнес өкілдері бас қосты.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі мен Нидерланды Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігі арасында ынтымақтастықпен пен қарым-қатынасты нығайту мақсатында хаттамаға қол қойды.
⠀ Қазақстан Республикасының және Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрлері V Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысып, қос елдің Үкімет басшылары 5 құжатқа қол қойылды:
⠀
• «K-Agro» қазақстандық компаниясы мен нидерландылық «Farm Frites» компаниялары арасындағы Жамбыл облысында фри картобын өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім. Жобаның құны — $145 млн;
⠀
• «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «NEVASCO» компаниялар тобы арасындағы Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) саласындағы жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
⠀
• Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен «Вахенинген» университеті арасындағы қазақстандық аграрий студенттерді оқыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. «Вахенинген» университеті ‒ жаратылыстану ғылымдары, табиғи ресурстарды басқару, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы әлемдегі жетекші орталықтардың бірі;
⠀
• «ТКШ Қазорталығы» АҚ-мен «Witteven+Bos» арасындағы канализациялық тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау туралы бағдарламаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
⠀