
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Наурыз мейрамы бүгінде көпұлтты Қазақстан үшін мерейлі мерекеге айналды.
Көктемнің осы бір шуақты күндерінде барлық шаруашылықтар күзде жинайтын өнімінің дәнін егіп, қызу еңбекке кіріседі. Тату көршіліктің, қонақжайлылықтың, үлкендерге деген құрметтің және кішіге деген жақсы қарым-қатынастың шынайы сезімдері айқын көрінеді.
Сіздерді көктемгі жаңару мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев