Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қосымша қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қосымша қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (бұдан әрі-бұйрық) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған квоталардың бөлінбеген көлемдерін 2022 жылдың 15 сәуірінен 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі кезеңге ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждарды төлемей 124998,4 тоннадан аспайтын жиынтық көлемде бөлу үшін өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылуда. 

Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:

2022 жылғы 15 наурыз сағат 9.00-ден 2022 жылғы 29 наурыз сағат 18.30-ға дейін.

Өкілеттігін растайтын тиісті құжат негізінде өтініш берушінің бірінші басшысы не уәкілетті тұлға қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі (Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 2-кіреберіс) арқылы қолма-қол немесе уәкілетті орган кеңсесінің оffice@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына PDF форматында электрондық түрде ұсынылады.

Өтінімді жібергеннен кейін өтінімді қабылдау және тіркеу туралы
8 (7172) 555-763 телефоны бойынша нақтылау қажет.

Өтінімде ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың бұйрық талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда хабарлама жіберу үшін өтініш берушінің электрондық мекенжайын міндетті түрде көрсету қажет.  

Құжат нысандарын жүктеу сілтемесі:

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім нысаны

Қазақстан Республикасының аумағына шикі құрақ қантын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім нысаны