Зығыр өнімдерін экспорттау ұлғаяды

Зығыр өнімдерін экспорттау ұлғаяды

Қазақстандық зығыр өндіретін кәсіпорындарға өз өнімдерін Қытай Халық Республикасына экспорттау мүмкіндігі туып отыр.

Еліміздің төрт аймағынан жалпы саны 25 қазақстандық кәсіпорын Қытай Республикасының Бас кеден басқармасының кәсіпорындар реестріне қосылды.

Аталмыш кәсіпорындарды инспекциялау ағымдағы жылдың 28 маусымынан 8 шілдесіне дейін жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегі күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан әкелетін зығыр тұқымдарына қойылатын карантин талаптары мен инспекциялау мәселелеріне қатысты арнайы хаттамаға қол қойылған болатын.

 

Кәсіпорындар тізімі келесідей:

 

Қостанай облысы – 4 кәсіпорын:

  1. «Сарыкольский элеватор» ЖШС
  2. «Промбаза-7» ЖШС
  3. «Raimbek-Grain & Co» ЖШС
  4. «Атамекен-Дос» ЖШС

Шығыс Қазақстан облысы – 1 кәсіпорын:

  1. «Защитинский элеватор» ЖШС

Ақмола облысы – 10 кәсіпорын:

  1. «Aгрофирма Деметра» ЖШС
  2. «Буланды-Астык» ЖШС
  3. «Астана Агро ИмпЭкс» ЖШС
  4. «Жаңа Үміт» ЖШС
  5. 10. «Агрофирма TNK» ЖШС
  6. «Агрокомплекс Атбасар» ЖШС
  7. «КазахЗерноТрэйд» ЖШС
  8. «Кос ел Агро» ЖШС
  9. «SaS 888» ЖШС
  10. «ХПП Арна» ЖШС

Солтүстік Қазақстан облысы – 10 кәсіпорын:

  1. «Сервис-ЖАРС» ЖШС
  2. «Тың Жер» ЖШС
  3. «АБИ-ЖЕР» ЖШС
  4. «Arena Agro» ЖШС
  5. «Шэньсиская техническая компания сельского и лесного хозяйства Линьдин» ЖШҚ
  6. «Ильичевка Астык» ЖШС
  7. «ХПП Уголки» ЖШС
  8. «Ак-Нан-Север» ЖШС
  9. «Komek Asia Group» ЖШС
  10. «Астык Коймалары» Хлебная база № 2 ЖШС

Аталған кәсіпорындардың тізімі ҚХР Бас кеден басқармасы сайтында да жарияланған.

Айта кететіні, тізімге қосылған 25 кәсіпорынның 12-і ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің кепілдігі негізінде Қытай сарапшылары тарапынан инспекциялау жұмыстарынсыз енгізілген.