Мерекелеріңізбен, ардақты арулар!

Мерекелеріңізбен, ардақты арулар!

Әйел бейнесі әрқашан сұлулықты, даналық пен мейірімділікті әспеттейді. Сіздер қамқорлық, махаббат және шабыт бересіздер. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуын қамтамасыз ете отырып, үлкен кәсіби табыстарға жетіп отырсыздар.

Бұған қоса еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосып келесіздер. Жарты миллионнан астам қазақстандық әйел осы маңызды салада жұмыс істейді. Олар ер-азаматтармен тең дәрежеде жер өңдейді, мал өсіреді, аграрлық ғылыммен, ауылшаруашылық шикізатын өңдеумен және тамақ өндірумен айналысады.

Сіздерге таңдалған жолға адалдық пен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Құрметті арулар, Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз жемісті болсын!

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев